Облыста 246 Отан соғысына қатысушы ардагерлер бар. Облыс орталығында тұратын Михаил Смоленков Мәскеу қаласында 9 мамырда өтетін әскери шеруге барады. 92 жастағы М.Смоленков 18 жасында майданға аттанып, Польша, Қиыр Шығыстағы шайқастарға қатысқан. Майдангер бүгінгі бейбіт заманның қандай ерлікпен келгенін біледі. Майдангер қаладағы 27-ші сайлау учаскесіне келіп таңертең алғашқылардың бірі болып дауысын берді. Сайлау учаскесінің төрағасы Берік Матаев Смоленков 92 жасында сайлауға дауыс беруге келіп, тағы да ерлік жасады дейді.
Бұл учаскеде сағат 9.00-да 400-ден астам адам дауыс беріп үлгеріпті. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары, көңіл күйлері де жақсы. Михаил Смоленков азаматтық парызымды атқардым дейді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.